2018 жылғы қазанның 17-нен 19-на дейінгі мерзім аралығында «Парниктік газдарды түгендеу» тақырыбына оқыту семинар туралы хабарлама

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы  қазанның 17-нен 19-на дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Парниктік газдарды түгендеу»  тақырыбына оқыту семинарын өткізді.

       Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ; «ҚазМұнайГаз» өндіру және бұрғылау технологиясының  ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Атырау қаласындағы «Каспиймұнайгаз» филиалы; «Kazakhstan Innovations» ҚҚ; «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Парниктік газдар шығарындылары мен оны жою саласындағы мемлекеттік реттеу;
  • Қазақстан Республикасында парниктік газдар шығарындыларына арналған сауда-саттық жүйесінің жұмысы;
  • Автоматтандырылған мониторинг жүйесі;
  • Профилактикалық бақылау (мемлекеттік бақылауға енгізілген өзгерістер);
  • Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу;
  • ПГ шығарындылары саласындағы есеп және ПГ шығарындыларына квотаның өзгеруі;
  • Климаттың өзгеруіне байланысты тұрақты даму мақсаттары мен көрсеткіштері.

Дәріс оқығандар:

Галиева Гулмира Макмутовна —  ҚР ЭМ Климаттың өзгеруі департаментінің басшысы;

Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры;

Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;

Букенова Саида Бекбулатовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы;

Сергазина Гульмира Халеловна — АҚ «Жасыл Даму» бас директордың орынбасары;

Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Есекина Айман Сериковна — «Жасыл Даму» АҚ Ұлттық квота сауда жүйесін реттеу бөлімінің бас маманы.

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.

г. Нур-Султан, пр. Мәңгілік Ел, 11/1, 6 этаж

Тел.: +7(7172) 95-46-89

Яндекс.Метрика