Өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастры

Өндiрiс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттiк кадастры (бұдан әрi – Қалдықтардың мемлекеттiк кадастры) қалдықтарды орналастырудың әрбiр объектiсi (олардың кеңiстiктегi орналасуын көрсете отырып) бойынша геоақпараттық жүйелер, сондай-ақ қалдықтардың түрлерi, олардың шығу көздерi мен физикалық-химиялық қасиеттерi (халыққа және қоршаған ортаға қауiптiлiгi ескерiле отырып), компоненттiк құрамы, сандық және сапалық көрсеткiштерi, оларды сақтаудың, көму мен тастаудың техникалық, гидрогеологиялық және экологиялық шарттары, оларды пайдалану мен залалсыздандыру технологиялары негізiнде жүйелендірілген, кезеңділікпен толықтырылатын және нақтыланатын бiрегей мәлiметтер жиынтығы болып табылады.

Қалдықтардың мемлекеттік кадастрын жүргізуді ҚР ЭМ ведомстволық бағынысты ұйымы «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК жүзеге асырады.

ҚР Экологиялық кодексінің 152-155, 293-1 баптарына сәйкес өндiрiс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттiк кадастры Қоршаған ортаны қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ҚОҚ БАЖ) жүзеге асырылды және http://oos.energo.gov.kz. порталында орналастырылды.

ҚОҚ БАЖ-дың мақсаты мемлекеттік экологиялық сараптама, мемлекеттік органдар, мүдделі жеке және заңды тұлғалар үшін өндіріс және тұтыну қалдықтары туралы деректерді жинау және өңдеу үдерісін жеңілдету және оңайлату мүмкіндігі болып табылады.

Геоақпараттық жүйелерге негізделген қалдықтарды жүйелі түрде жинауға мыналар жатады

— өндіріс және тұтынудың әрбір объектісі  бойынша қалдықтарды орналастыру;

— қалдық түрлері, олардың шығу тегі мен қасиеттері;

— компоненттік құрамы, сандық және сапалық көрсеткіштері.

Өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастры келесі құрамдас бөліктерден тұрады:

— қауiптi қалдықтардың паспорттары;

— қалдықтарды түгендеу жөніндегі есептер;

— қалдықтарды орналастыру объектісі бойынша кадастр ісі жер қатынастары басқармасының – ЖАО қалдықтарды жинақтауға және жоюға арналған жер учаскесiн бөлу туралы шешiмiн; жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу және жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжаттардың берiлгенi туралы анықтаманы және қалдықтарды орналастыру объектiлерiн құрудың техникалық-экономикалық негiздемесiн және қалдықтарды орналастыру объектiлерiн құруға мемлекеттiк экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамаларды; қалдықтарды орналастыру объектілерін құру үшін жер қойнауларына сараптамалардың оң қорытындыларын қамтитын кадастр ісін ұсынады.

Деректерді толықтыруда және жаңартуда орталық деңгейдегі мамандар қатысады:

ДӘДМ, ҰЭМ Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті, АҚМ, ӘМ, ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті, Экологиялық реттеу және бақылау комитеті; аумақтық деңгейде: ЖАО, жер қатынастары басқармасы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, табиғи ресурстар басқармасы, экология департаменттері, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ, Қазжерқойнаулары кәсіпорындары.

ҚОҚ БАЖ бағдарламасының мүмкіндіктері, мысалы, бір аймақта түзілген, өңделген және орналастырылған қалдықтардың көлемдері туралы ақпаратты көрсетуге, осы саладағы аса ірі табиғат пайдаланушылар туралы егжей-тегжейлі анықтауға жағдай жасайды.

Бұдан басқа, ҚОҚ БАЖ-да географиялық орналасқан орнын және өндіріс және тұтыну полигондары мен қалдықтарды орналастыру объектілері бойынша қажетті ақпаратты алу мүмкіндігімен қалдықтарды орналастыру объектілерінің картографиясын қарастырылады.

Өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрын жүргізу нәтижелері бойынша жылсайын Ақпараттық шолу әзірленеді.

2016 жылға ақпараттық шолу
2017 жылға ақпараттық шолу

Астана қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 95-46-89

Яндекс.Метрика