2018 ж.1 қарашасында ҚР Премьер-Министрдің Кеңсесінде жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) жобаларын іріктеу бойынша бірінші халықаралық аукциондарының қорытындылары жөнінде ҚР Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаның қатысуымен пресс-конференция өтті

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2018 жылдың 1 қарашасында ҚР Премьер-Министрдің Кеңсесінде жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) жобаларын іріктеу бойынша бірінші халықаралық аукциондарының қорытындылары жөнінде ҚР Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаның қатысуымен пресс-конференция өтті.
Аукциондық сауда «КОРЭМ» АҚ электронды сауда-саттық алаңы арқылы өткізілді. Аукциондық сауда-саттықтың өткізу барысын тексеру барлық аукциондық сауда-саттыққа қатысқан бақылау комиссиясымен қамтамасыз етілді. ҚР Энергетика министрлігінің, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бақылау комиссиясының құрамына кірді.
Аукциондық сауда-саттық, ЖЭК жоспарлы дамыту кезеңдерінің бірі бола отырып, ең тиімді жобаларды бәсекелес іріктеуге және ЖЭК объектілері арқылы өндірілетін электр энергиясына нарықтағы бәсекелес бағаны қалыптастыруға бағытталған.
Аукциондық сауда-саттық механизмі, 2018 жылға дейін қолданыста болып, бастапқы кезеңде елімізде ЖЭК секторын іске қосуға мүмкіндік берген тіркелген тарифтердің орнына келді. Аукциондық сауда-саттық механизм ЖЭК объектілерімен өндірілген электр энергиясына әділ нарықтық бағаны анықтауға, әлеуетті инвесторларды іріктеудегі айқын процесті құруға және елдегі жаңартылатын генерация секторын дамытуға бағытталған салаға инвестицияларды тартуды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Ағымдағы жылы Қазақстанда ЖЭК жобаларының белгіленген қуаты 1000 МВт көлемінде ЖЭК түрлері бойынша бөлінген болатын:
• 290 МВт – күн электр станцияларын;
• 620 МВт – жел электр станцияларын;
• 75 МВт – су электр станцияларын;
• 15 МВт – биоэлектр станцияларын іске асыру ұсынылды.
Ағымдағы жылдың барысында көктемгі және күзгі аукциондық сауда-саттықтың сессиялары өткізілді. Көктемгі 2018 жылдың 23 мамырдан 7 маусым және күзгі 3-18 қазанға дейінгі мерзімде сесссиялар өткізілді.
Аукциондық сауда-саттық жергілікті де, халықаралық қатысушылардың үлкен қызығушылығын көрсетті.
Сауда-саттықта 9 елден: Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия, Франция, Болгария, Италия, Біріккен Араб Әмірлігі, Нидерланд Корольдігінен 113 компания өкілдері қатысты.
Аукциондық сауда-саттықтың нәтижесінде 30 компанияның 15 жылға жалпы қуаты 857,93 МВт-қа, оның ішінде ЖЭС – 500,85 МВт, КЭС- 270 МВт, кіші СЭС -82,08 МВт және БиоЭС – 5 МВт ЖЭК электр энергиясын біріңғай сатып алушымен шарт жасасуға мүмкіндігі бар.
2018 жылы аукциондық сауда-саттықты өткізу нәтижесінде жел генерациясына – 23,3%, күн генерациясына – 48% кіші СЭС жобаларына – 23,4 %, БиоЭС – 1% аукциондық бағаның максималды төмендеуі бәсекелестік аймақтың құрылуы ЖЭК-пен өндірілетін электр энергиясына нарықтық бағаны анықтауға мүмкіндік берілуін растайтын өте жақсы нәтижесі болып табылады.

Астана қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 95-46-89

Яндекс.Метрика