Қазақстанның энергетикалық секторы ең озық қолжетімді технологиялар принциптеріне қалай көшеді

Дереккөз: www.energo.gov.kz

Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар халықаралық орталығы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен бірлесіп «Қазақстанның ОҚТ принциптеріне көшуі: қазіргі жағдайы және келешегі» атты халықаралық конференция өткізеді.

Конференцияның негізгі мақсаты – өнеркәсіптік кәсіпорындардың ең озық қолжетімді технологиялар (ОҚТТ) принципіне көшуі және олардың Қазақстан Республикасына бейімделуі бойынша іс тәжірибелерді таныстыру және талқылау.

Ең озық қолжетімді технологиялар (ОҚТ)- бұл қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін қамтамасыз етуге, шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға теріс әсер ету деңгейін төмендетуге бағытталған ұйымдастырушылық және басқару шараларын қамтамасыз етуде пайдаланылатын және жоспарланып отырған салалық технологиялар, техника мен жабдықтар.

Конференцияда Қазақстанның энергетикалық саласы кәсіпорындарының ОҚТ принциптеріне көшуі бойынша дайындығына талдау жасалды, сондай-ақ халықаралық тәжірибе қаралып, ұсыныстар әзірленді. Энергетикалық секторды зерттеуге 45 электр станциясынан ақпарат жиналды. Талдауға энергетикалық саланың 13 кәсіпорны іріктелді. ХЖТИЖО болжамдары бойынша ОҚТ принциптеріне көшу үдерісі 2020 жылдан бастап 2030 жылға дейін 10 жыл ішінде жүзеге асырылатын болады.

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының жетекшісі Рәпіл Жошыбаев атап өткендей, ҚР өнеркәсіптік және энергетикалық секторы үшін, Қазақстан 2013 жылы қабылдаған Жасыл экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдаманы ескере отырып, қазіргі таңда ОҚТ іс жүзінде енгізу сәті өзекті мәнге ие. Энергия сыйымдылығын төмендету, энергия теңгеріміндегі ЖЭК үлесін ұлғайту, қалдықтарды қайта өңдеу, су сапасы бойынша белгіленген түйінді көрсеткіштерге қол жеткізу үшін жасыл реформалардың негізі қаланатын Экологиялық кодексті жаңарту қажет.

Сондай-ақ, конференция барысында Қазақстан экологиялық ұйымдар Қауымдастығы Басқарма төрағасының орынбасары Асхат Сүлейменов өз ойын білдірді: «Біріншіден, біз ірі бизнестің ең озық қолжетімді технологияларды бірлесіп қаржыландыру арқылы немесе басқа да қолдау әдістері арқылы енгізуді ынталандыруды ұсынамыз. ЕО, АҚШ, Жапония, Қытайда кейбір елдерде кредиттер бойынша пайыздарды ішінара немесе толық жабатын ПДТ-ға ауысатын кәсіпорындарға 1% – дан 6% – ға дейінгі мөлшерлеме бойынша арнайы жаңғырту қорлары арқылы кредиттер беріледі. Экологиялық-жауапты инвестициялау немесе жасыл қаржы құралдары ұғымын енгізу ұсынылады.

Екіншіден, жергілікті жерлерде жергілікті атқарушы органдар экологияның жай-күйіне ортақ жауапты болуға тиіс. Барлық іске асырылып жатқан табиғат қорғау іс-шараларының түпкі есептелінетін мақсатты әсері болуы тиіс».

Іс-шараның қорытындысы бойынша Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы мен Ресей Федерациясының ОҚТ бюросы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қазақстандағы экологиялық жағдай.

ҚР-да атмосфералық ауаның негізгі ластаушылары- өңдеу өнеркәсібінің салалары, электр энергетикасы өндірісінің кәсіпорындары, сондай-ақ тау-кен өндіру, құрылыс, химия, мұнай-газ өңдеу салалары саналады.

Талданатын станциялардың көпшілігінде (70% – дан астам) 30-дан 60 жылға дейінгі ескірген жабдық бар. Ең үлкен шығарындылармен көмірді пайдаланатын жабдықтардың едәуір тозуы бар станциялар сипатталады.

Қазақстанның он бес қаласында атмосфералық ауаның зиянды шығарындылармен ластану деңгейі артқан. Қарағанды облысындағы қоршаған ортаның жағдайы ең ауыр – 2016 жылы атмосфераға шамамен 593 мың тонна ластаушы заттар шығарылған. Бұл дегеніміз -Қазақстан бойынша барлық көлемнің 26,1% – ы.

 Талдаудың негізгі қорытындылары.

–      Қазақстандық станциялардағы ластаушы заттар шығарындыларының нақты шоғырлануы еуропалық директиваның рұқсат етілген мәндерінен едәуір асып түседі, сонымен қатар олар қазақстандық техникалық регламент талаптары мен ресейлік ОҚТ көрсеткіштері шегінде болады.

–      Өнеркәсіп үшін ОҚТ принциптеріне көшу қоршаған ортаға әсерін төмендетуге және негізгі қорларды жаңарту, энергия тиімді өндірістік қуаттарды құру арқылы қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

–      Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік санкцияларды қысқарту.Қазақстан Республикасының жылу электр станцияларының технологиялық жабдығына айтарлықтай салымдар болған жағдайда шығарындылардың (неғұрлым жоғары еуропалық стандарттарға қол жеткізу үшін) елеулі қысқаруы мүмкін.

–      Өнеркәсіп үшін ОҚТ принциптеріне көшу негізгі қорларды жаңартуға, энергия тиімді өндірістік қуаттарды құруға, жоғары өнімді жұмыс орындарының санын ұлғайтуға, экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл төлеуді азайтуға мүмкіндік туғызады.

–      Халықаралық стандарттардың ОҚТ талаптарын талдау ОҚТ бағалау процесінде энергетикалық секторды жаңғыртудан түсетін табыстар мен пайдаға ерекше назар аударылуы тиіс екенін көрсетеді.

–      Технологиялық нормалаудың негізгі міндеті- саланың барлық кәсіпорындары ұмтылуы тиіс «жоғарғы планканы» белгілеу емес, барынша «лас» және ескірген өндірістерді біртіндеп ығыстыру болып саналады.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 95-46-89

Яндекс.Метрика