2019 жылғы қазанның 16-нан бастап 18-не дейінгі мерзім аралығында «кологиялық кодекс. Құқық қолдану» тақырыбына оқыту семинар туралы хабарлама

ҚР ЭГТРМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2019 жылдың 16-18 қазан  аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Экологиялық кодекс. Құқық қолдану» тақырыбында семинар өткізді. 

Семинарда келесі мәселелер қарастырылды:  

  • ҚР Экологиялық кодексі. Қалдықтармен жұмыс істеуді құқықтық реттеу. 
  • Парниктік газдарды реттеу саласындағы есептілік пен парниктік газдар шығарындыларына қосымша квоталар беру; 
  • Қалдықтарды қайта өңдеу технологиялары. 
  • ҚР Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері шеңберінде қайта өңделетін қалдықтар. 
  • Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қауіптерді тәуекелдерді бағалау жүйесі. 
  • Сарқынды сулар. Сарқынды сулардың төгінділеріне қойылатын негізгі талаптар. 
  • Профилактикалық бақылау. 
  • Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінде ақпараттық технологияларды қолдану. 
  • Экологиялық ақпарат беру. 
  • Қазақстанда табиғатты ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін енгізу. 
  • Мемлекеттік экологиялық бақылау және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптар. 
  • Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар және оларға қойылатын талаптар. 
  • Өндіріс пен тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрының кіші жүйесін сүйемелдеу. 
  • Экологиялық аудит. 

Іс-шараға Троицк ҚАЭС «ОГК-2» ААҚ, «Кazcentrelectroprovod» (Казцентрэлектропровод) ЖШС, «Каспиймұнайгаз» филиалы арқылы әрекет ететін «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС, «Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ, «Bazis Construction» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалы, «Алматыгаз» абоненттік есептеу орталығы» ЖШС, «Қазақстан ASELSAN инжиниринг» (Казахстан Аселсан инжиниринг) ЖШС, Астана қаласындағы «Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығы» мекеме филиалы, «Атырауинжстрой» сауда үйі» ЖШС, «Су ресурстары-маркетинг» ЖШС, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» («Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.») ЖШС, «Русская медная компания» АҚ өкілдері қатысты. 

Семинар барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Экологиялық кодекстің жаңа редакциясының соңғы өзгерістерімен және толықтыруларымен, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы «ЭкоИнфоПраво» нормативтік-құқықтық актілердің локальды базасымен танысты. 

Семинар соңында қатысушыларға куәлік берілді.  

Тақырыптың өзектілігін және табиғат пайдаланушылар мен басқа да мемлекеттік органдардың үнемі өсіп келе жатқан қызығушылығын ескере отырып, ҚР ЭГТБРМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК оқыту семинарларын өткізуді жалғастыруды жоспарлауда. 

 

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы  

біліктілікті арттыру басқармасы 

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 95-46-89

Яндекс.Метрика