Жарғы

Қазақстан Республикасы 
 Қаржы министрлігінің 
 Мемлекеттік мүлік және 
жекешелендіру комитеті 
 Төрағасының 
2012 жылдың "25"қаңтарындағы №76 
(2019 жылдың 2 тамызындегі №818 
соңғы өзгертулер мен толықтырулар) 
бұйрығымен бекітілген.

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорныныңЖАРҒЫСЫ 

1.  Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құкығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдык-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.

2. Кәсіпорын «Геология және табиғат ресурстары ақпараттық-талдау орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынды қайта үйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 қаңтардағы №55 қаулысына сәйкес құрылды.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына сәйкес Кәсіпорын Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта аталды.

3. Кәсіпорынның құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.

4. Кәсіпорынның мүлкіне қатысты субъектінің қүқығын мемлекеттік республикалық меншік құқығын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бүдан әрі – мемлекеттік мүлік жөніндегі өкілетті орган) жүзеге асырады.

5. Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі (бүдан әрі – тиісті саланың өкілетті органы) болып табылады.

6. Кәсіпорынның атауы:

толық:

толық – Қазакстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

қысқа – «ҚОҚАТО» РМК;

орыс тілінде

толық – Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Информационно-аналитический центр охраны окружающей среды» Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан;

қысқа – РГП «ИАЦООС».

Кәсіпорынның орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел көшесі, 11/1-үй.

2. Кәсіпорынның заңдық мәртебесі

8. Кәсіпорын мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап құрылған болып есептеледі және заңды тұлга құқығына ие болады.

9. Кәсіпорынның заңнамаға сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Кәсіпорынның атауы бар бланкілері, мөрі болады.

10. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Кәсіпорын заңды тұлғаларды құра алмайды, сондай-ақ басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер құра алады.

11. Кәсіпорынмен жасалатын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті түрде мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын азаматтық-қүқықтық мәмілелер, егер Қазақстан Республикасының заңнамалык актілерімен өзгеше белгіленбесе, тіркелген сәттен бастап жасалынған деп есептеледі.

3. Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттары

12. Кәсіпорын қызметінің мәні экологиялық ақпараттың мемлекеттік қорын және Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарының мемлекеттік кадастрларын жүргізу болып табылады.

13. Кәсіпорынның мақсаты болып қоршаған орта саулығы мен қолайлы өмірі үшін азаматтардың құқығын жүзеге асыру және қоршаған ортаны қорғау бойынша шараларды орындау және жоспарлаудағы тиісті саланың өкілетті органы қызметін ақпараттық-талдау табылады.

14. Қойылған мақсаттарды іске асыру үшін Кәсіпорын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу (деректер деректер қорын жүргізу, оны қағаз және электронды жеткізгіште толықтыру):

– экологиялық ақпаратты (табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрларының, өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрларының деректері, Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және табиғи ресурстарды пайдалану туралы ұлттық баяндама) жинау, есептеу, сақтау, өңдеу және талдауды жүзеге асыру;

– экологиялық ақпаратты (қоршаған ортаның ластану учаскілерінің мемлекеттік есебінің, табиғатты пайдаланушылардың және қоршаған ортаны ластау көздерінің мемлекеттік тізілімінің, озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастрының, ластағыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тiркелiмiнің деректері, сондай-ақ қоршаған ортаға әсердi бағалау және мемлекеттiк экологиялық сараптама материалдары, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер және нормативтiк-техникалық құжаттар, қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарды пайдалануға байланысты ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды орындау туралы есептер, Ұлттық экологиялық атлас, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы бақылау-инспекциялық және құқық қолдану қызметінің нәтижелері бойынша есептер, өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасы және экологиялық мониторинг есептері, мемлекеттiк экологиялық мониторингтің деректері, экология саласындағы ғылыми-техникалық әдебиет, қоршаған ортаның жай-күйі туралы және табиғи ресурстарды пайдалану, қоршаған ортаға әсер етудің факторлары және оны қорғау бойынша қолданылатын шаралар туралы ақпарат, экологиялық ақпаратты (орнықты даму және «жасыл» экономиканың қағидаларын ендіру бойынша ақпарат, қоршаған ортаның жай-күйі туралы баяндамалар, шолулар, анықтамалар, есептер қамтитын өзге де материалдар мен құжаттар; қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық жөніндегі материалдар (соның ішінде халықаралық және ұлттық жобалардың есептері); қоршаған ортаны қорғау саласындағы бағдарламалар, жоспарлар және мемлекеттік саясатқа қатысты жобалар мен құжаттардың мәтіндері және т.б.) жинау, сақтау және өңдеуді жүзеге асыру;

– экологиялық ақпаратты беру және тарату:

а) «Экологиялық ақпарат беру» мемлекеттік қызметін көрсету;

б) ашық қол жетімділікте интернет-ресурстарда орналастыру;

в) бұқаралық ақпараттық құралдарында, мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай-ақ өзге де жалпыға қолжетімді ақпараттық-коммуникациялық құралдарды қолдана отырып тарату;

– халықты және табиғатты пайдаланушыларды қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану мәселелері бойынша сауаттандыру мынадай іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу арқылы жүзеге асырылады:

а) қоршаған ортаны қорғау саласында біліктілікті арттыру курстарын, тренингтерді және оқыту семинарларын өткізу;

б) халыққа консультациялық көмек көрсету;

в) конференциялар, көрмелер, семинарлар, ғылыми-тәжірибелік форумдар;

г) баспасөз хабарламаларын, мақалаларды дайындау, сұхбат ұйымдастыру;

– халықтың экологиялық ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз ету саласындағы халықаралық конвенцияларды талдау, бағалау және сараптамалық қолдау бойынша материалдарды дайындауға қатысу;

– Кәсіпорын қызметінің бейіні бойынша баспасөз конференцияларын өткізуге, баспасөз хабарламаларын, мақалаларды дайындауға, сұхбат ұйымдастыруға, бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдарына мониторинг жүргізуге қатысу;

– жаңа ақпараттық технологиялар негізінде қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша электронды кітапхананы жүргізу;

– экологиялық ақпаратты талдау;

– экологиялық ғылыми зерттеулерді жүргізу;

– экологиялық ақпаратты жинау, сақтау, беру және тарату үшін интернет-ресурстарды, порталдарды, ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық қамтылымдарды сүйемелдеу;

2) Қазақстан Республикасының табиғи ресурстары мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесін сүйемелдеу;

3) Өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрын жүргізу».

15. Кәсіпорынның осы Жарғыда бекітілген оның қызметінің мәні мен мақсатына сай емес қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасауға құқығы жоқ.

16. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында белгілі бір шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы не оның бас директорының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасаған мәмілесі тиісті саланың өкілетті органының немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі өкілетті органның не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

17. Кәсіпорын бас директорының заңды түлғаның жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-қимылдары еңбек міндеттерін бұзу болыр табылып, тәртіптік және материалдық жауаптылық шараларын қолдануға әкеліп соғады.

4.  Кәсіпорынды басқару

18. Мемлекеттік мүлік жөніндегі өкілетті орган:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Кәсіпорынның құрылтайшысы болады;

2) Қазақстан Республикасының атынан Кәсіпорынға катысты республикалық меншік құқығы субъектісінің кұқықтарын жүзеге асырады;

3) тиісті саланың өкілетті органының ұсынымы бойынша Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттарын, сондай-ақ осы қызметті жүзеге асыратын Кәсіпорын түрін айқындайды және Кәсіпорынның Жарғысын, оған енгізілген өзгерісіер мен толықтыруларды бекітеді;

4) тиісті саланың өкілетті органының келісімі бойынша Кәсіпорынға берілген немесе ол өз шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлік 11 алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;

5)Кәсіпорын мүлкінің мақсатты және тиімді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

6) Кәсіпорынның мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуын бақылау нәтижелері бойынша анықталған, артық, пайдаланбайтын не мақсатына сай пайдаланбаған мүлкін, бақылауды жүзеге асырған кезден бастап алты ай өткен соң тиісті саланың өкілетті органының келісімінсіз алып қоюды жүзеге асырады;

7) Кәсіпорынға алып қойылған мүлікті күтіп ұстау және оны кейіннен теңгерімнен шығара отырып, өзге түлғаға бергенге дейін сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;

8) тиісті саланың өкілетті органына Кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыруға келісім береді;

9) Кәсіпорынға бекітіліп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тэсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;

10) Кәсіпорынға бекітіліп берілген мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге талдау жүргізеді;

11) Кәсіпорынға жұмыс істеуі мен оған басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен оның құзіретіне жататын баска да мәселелерді шешеді.

19. Тиісті саланың өкілетті органы:

1) Кәсіпорын қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсететін қызметтерінің) міндетті көлемдеріи айкындайды;

2) мемлекеттік мүлік жөніндегі өкілетті органға Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсатын айқындау бойынша, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын Кәсіпорынның түрін айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;

3) Кәсіпорынның даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, келіседі жэне бекітеді;

4) Кәсіпорын мүлкінің сақталуына және Кәсіпорынның даму жоспарларының орындалуына талдауды және бақылауды жүзеге асырады;

5) мемлекеттік мүлік жөніндегі өкілетті органға Кәсіпорын берген немесс ол өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;

6) Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асырады;

7) Кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;

8) мемлекеттік мүлік жөніндегі өкілетті органмен келісім бойынша Кәсіпорынды қайта үйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;

9) Кәсіпорынның таза табыстың белгіленген бөлігін республикалық бюджетке толық және уақытылы аударуын бақылауды жүзеге асырады;

10) Кәсіпорын бас директорының ұсынымы бойынша оның орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

11)  жыл сайын Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін белгілсйді;

12) Кәсіпорын бас днректорының, оның орынбасарларының, бас бухгалтерінің лауазымдық айлықақыларының мөлшерін, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін белгілейді;

13) Кәсіпорын бас директорының ұсынымы бойынша Кәсіпорын филиалдары мен өкілдіктерінің директорларын қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға келісім береді;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен оның құзіретіне жататын басқа да мәселелерді шешеді.

20. Кәсіпорынның бас директоры оның органы болып табылады.

21. Бас директорды тағайындау, оны аттестаттаудан өткізу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

22. Тиісті саланың өкілетті органы Кәсіпорынның бас директорымен еңбек қатынастарын Қазакстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы рәсімдейді.

Еңбек шартында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен белгіленген жағдайлардан басқа, бюджетке таза табыстың белгіленген бөлігі уақытылы аударылмағаны үшін Кәсіпорын бас директорының жауапкершілігі айқындалады.

23. Кәсіпорынның бас директоры Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне және мүлкінің сақталуына дербес жауапты болады.

24.Кәсіпорынның бас директоры Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.

25. Бас директор дара басшылык қағидаларында әрекет етеді және Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын өз құзіретіне сәйкес дербес шешеді.

26. Бас директор:

1)  Кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдделерін құқықтық органдарда білдіреді;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шектерде Кәсіпорынның мүлкіне билік етеді;

3) шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;

4) сенімхаттар береді;

5) банктік шоттар ашады;

6) Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бүйрықтар шыгарады және нүсқаулар береді;

7) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Кәсіпорынның қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен өзгеше көзделмесе оларды жазаға тартады;

8) белгіленген еңбекақы төлеу қоры шегінде еңбекақы төлеу нысанын, лауазымдық айлықақылардың мөлшерлерін, Кәсіпорынның қызметкерлеріне (өзінің орынбасарлары мен бас бухгалтерді    қоспағанда) еңбекақы беру және өзге де сыйақы жүйесін бекітеді;

9) өзінің орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату үшін  жұмыс саланың өкілетті органына кандидатураларды ұсынады;

10) өзінің орынбасарлары мен Кәсіпорынның басқа да басшысы қызметкерлерінің құзіретін белгілейді;

11) тиісті саланың өкілетті органының келісімі бойынша Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктерінің директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен  босатады;

12) Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктері туралы ережелерді бекітеді;

12-1) Кәсіпорынның даму жоспарын іске асырудың нәтижелілігі және тиімділігі үшін жауаптылықта болады;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

26-1. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен Кәсiпорын банкрот деп танылған немесе оңалту рәсімі қолданылған және уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған жағдайларда, оны басқару бойынша барлық өкілеттіктер тиісінше уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушыға өтеді.

5.  Кәсіпорынның мүлкі

27. Кәсіпорынның мүлкін, құны оның теңгерімінде көрсетілетін Кәсіпорынның активтері қүрайды.

28. Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар жарғылық капиталдағы қатысу үлестері бойынша, оның ішінде Кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды.

29. Кәсіпорынның мүлкі:

1) оған меншік иесі берген мүліктің;

2) өз кызметінің нәтижесінде сатып алынған мүліктің (ақшалай табыстарды қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерінің есебінен қалыптастырылады.

30. Кәсіпорынның жүргізуінде тек оның жарғылық мақсаттарымен көзделген қызметін қамтамасыз ету ушін оған қажетті, не осы қызметтің өнімі болып табылатын мүлкі болуы мүмкін.

31. Шаруашылық жүргізу құкығын алу және тоқтату, егер осы бапта өзгеше көзделмесе немесе аталған заттық қүқықтың табиғатына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншік қүқығын және өзге де заттық құқықты алу мен тоқтату үшін көзделген талаптарда және тәртіппен жүзеге асырылады.

32.Шаруашылық жүргізудегі мүлікті пайдаланудың жемістері, өнімі мен кірістері, сондай-ақ Кәсіпорын шарттар немесе өзге де негіздер бойынша алған мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында меншік құқығын алу үшін белгіленген тәртіппен Кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіне түседі.

33. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе меншік иесінің шешімімен өзгеше белгіленбесе, мүлікке шаруашылық жүргізу қүқығы, оған қатысты меншік иесі оны Кәсіпорынга бекіту туралы шешім қабылдаған, Кәсіпорында мүлікті өз теңгеріміне бекіткен сәтінде туындайды.

34. Кәсіпорынның негізгі қүралдарға жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен айыруға қүқығы жоқ.

35. Кәсіпорынның мүлкіне шаруашылық жүргізу қүқығы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 249-бабында көзделген тәртіппен және меншік құқығын тоқтату негіздері бойынша, сондай-ақ осы Жарғының 36 және 37-тармақтарында көзделген жағдайларда тоқтатылады.

36. Осы Жарғының 35-тармағында көзделген шаруашылық жүргізу құқығын тоқтатудың жалпы негіздерінен басқа, шаруашылық жүргізу қүқығы Кәсіпорыннан мүлікті меншік иесінің шешімі бойынша заңды түрде алынып қойылған жағдайда тоқтатылады.

Заңды түрде алып қою жағдайларына, атап айтқанда, мыналар:

– шаруашылық жүргізу құқығындағы Кәсіпорынның жарғылық қызметінің мақсаттарына жауап бермейтін мүлікті апып қою;

–  артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай емес пайдаланылатын мүлікті алып қою жатқызылады.

37. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мүлікті алып қою туралы шешімінде мемлекеттік мүлік жөніндегі өкілетті орган Кәсіпорынға оны өзге түлғаға бергенге дейін ұстауын және сақталуын қамтамасыз етудің мерзімдерін белгілейді.

38. Кәсіпорын мемлекеттік мүлік жөніндегі өкілетті органның жазбаша келісімімен тиісті саланың өкілетті органының ұсынымы бойынша мыналарға:

1)  филиалдар, өкілдіктер құруға;

2) оған тиесілі акционерлік қоғамдардың акцияларына, сондай-ақ дебиторлық берешегіне билік етуге;

3) үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілгерлік немесе кепілдік беруге;

4) қарыздар беруге қүқылы.

39. Кәсіпорын оған шаруашылык жүргізу қүқығында бекітілген негізгі қүралдарға жатпайтын жылжымалы мүлікке дербес билік етеді.

40. Егер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексімен немесе меншік иесімен (мемлекеттік мүлік жөніндегі өкілетті орган) өзгеше белгіленбесе, осы Жарғының 38 және 39-тармақтарында көрсетілген мүлікпен жасалган мәмілелерден алынған ақшаны Кәсіпорын дербес пайдаланады.

6. Кәсіпорынның қызметін қаржыландыру

41. Кәсіпорынның қызметі өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.

Кәсіпорынның даму жоспарын әзірлеу және бекіту тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды

42. Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігін аудару нормативін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган белгілейді

Кәсіпорынның таза табысының бөлігі белгіленген нормативтер бойынша Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген тәртіппен республикалық бюджетке аударылуы тиіс.

Кәсіпорын таза табысының бөлігін республикалық бюджетке аударуды корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.

43. Кәсіпорын өзі өндіретін өнімді дербес жүзеге асырады.

44. Кәсіпорын өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары Кәсіпорынның оларды өндіруге жүмсаған шығындарын толық өтеуді, оның қызметінің залалсыздығын және өз табыстары есебінен қаржыландырылуын қамтамасыз етуі тиіс.

Бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) көлемі шеңберінде өндірілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын тиісті саланың өкілетті органымен келісім бойынша Кәсіпорын белгілейді.

45. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, Кәсіпорынның Жарғысында көзделмеген қызметті жүзеге асырудан осы кәсіпорын алған табыстар, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құралған, сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгіленген бағаларын көтеру нәтижесінде алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен бюджетке алып қоюға жатады. Мүлікті бухгалтерлік есеп қағидалары бойынша тиісті түрде көрсетпей пайдалану фактілері анықталған жағдайда, ол да алып қоюға жатады.

7.   Кәсіпорынның жарғылық капиталы

46. Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері 8 153 100 (сегіз миллион жүз елу үш мың жүз) теңгені кұрайды.

Жарғылық капиталды меншік иесі (қүрылтайшы) Кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуі кезіне толық қалыптастыруы тиіс.

8.   Кәсіпорынның есепке алуы мен есептілігі

47. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің тиісті саланың өкілетті органының келісімі бойынша халықаралық стандарттарына сәйкес Кәсіпорынның бас директоры бекітетін есеп саясатына сәйкес жүзеге асырылады.

48. Кәсіпорынның жылдық қаржылық есеп беруі бухгалтерлік теңгерімді, табыстар мен шығындар туралы есепті, ақша қозғалысы туралы есепті, өз капиталындағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны қамтиды.

9.   Кәсіпорынның жауапкершілігі

49. Кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді және мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болмайды.
Мемлекет құрылтайшының, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе тиісті саланың уәкілетті органының іс-әрекеттерінен туындаған банкроттық жағдайларды қоспағанда, Кәсіпорынның міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Бұл жағдайларда мемлекет Кәсіпорынның қаражаты кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша жауап береді.

10. Еңбек үжымымен өзара қатынас

50. Кәсіпорынның әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.

51. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасына сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

11. Кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу

52. Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын тиісті саланың өкілетті органы белгілейді.

53. Еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесін, лауазымдық айлықақылар мөлшерін, сыйлықақы беру және өзге сыйақы жүйесін белгіленген еңбекке ақы төлеу қорының шегінде Кәсіпорын дербес айқындайды.

54. Кәсіпорын бас директорының, оның орынбасарларының, бас бухгалтерінің лауазымдық айлықақыларының мөлшерін, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін тиісті саланың өкілетті органы белгілейді.

12. Кәсіпорынды кайта ұйымдастыру және тарату

55. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүргізіледі.

Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен көзделген басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.

56. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, Кәсіпорынды қайта үйымдастыруды және таратуды мемлекеттік мүлік жөніндегі өкілетті органның келісімі бойынша тиісті саланың өкілетті органы жүзеге асырады.

57. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі өкілетті орган қайта бөледі.

Кредит берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның ақшасы, Кәсіпорынның мүлкін сату нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, республикалық бюджеттің табысына есептеледі.

13. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

58. Кәсіпорынның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар тиісті саланың өкілетті органының ұсынымы бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі өкілетті органның бұйрығымен енгізіледі.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 95-46-89

Яндекс.Метрика