Мемлекеттік экологиялық ақпарат қоры

МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АҚПАРАТ ҚОРЫ

Мемлекеттік экологиялық ақпарат қоры (МЭАҚ) қоршаған ортаны қорғаумен байланысты басқармалық, өндірістік, ғылыми міндеттерді шешуде тиімді пайдалану үшін қағаз және электронды түрде экологиялық ақпаратты жинау, жүйелеу, жаңарту, сақтау және тарату жүйесін көрсетеді.

– МЭАҚ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК-да жүргізіледі.

– МЭАҚ өз қызметінде мыналарды басшылыққа алады:

– Орхус Конвенциясын;

ҚР Экологиялық кодексінің 160-161-баптарын;
13.11.2016 ж. № 589 бұйрығымен бекітілген МЭАҚ туралы ереже.

МЭАҚ қызметінің негізгі мақсаты пайдаланушылар, сонымен қатар шетелдіктер үшін, олардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы мәселелерді шешуге қатысуына ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады.

20170406_kz

2009 жылдан бастап 2016 жыл аралығындағы кезеңде МЭАҚ-да 12 000-ға жуық бірлік ақпарат жиналған. МЭАҚ-ға материалдар мемлекеттік органдармен және пайдаланушылармен қағаз, электронды, дыбыс бейне немесе өзге де форматтарда ұсынылады.

Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорының негізгі қызметтеріне мыналар жатады:

  1. Мемлекеттік мекемелерді, азаматтарды және қоғамдық ұйымдарды ресми экологиялық ақпаратпен жылдам және сапалы қол жеткізуді қамтамасыз ету;
  2. Өтінімдер негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпаратты ұсыну;
  3.  Қызметтік және жалпы пайдалану үшін электронды және қағаз тасымалдағыштарда экологиялық деректер базасын құру;
  4. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғаларға кеңес.

310820164

2014 жылдың шілдесінен бастап қордан экологиялық ақпаратты ұсыну мемлекеттік қызмет арқылы жүзеге асырылады. МЭАҚ қызметкерлері тұрғындарды жүйелі түрде экологиялық ақпаратты ақысыз негізде алу мүмкіндігі туралы хабардар етеді. Өткен кезеңнің ішінде 600-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның шеңберінде тұрғындарға 1000-нан астам бірлік ақпарат ұсынылды.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативті құқықтық актілерге қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін «ҚОҚ АТО» РМК МЭАҚ жүргізу шеңберінде «ЭкоИнфоПраво» (ecoinfo.kz) электронды нормативті базасын әзірледі, оның құрамына Экологиялық кодекстің тарауларына сәйкес жүйелендірілген шамамен 2000 –ға жуық нормативті құжаттар кіреді.

Қажетті ақпаратты іздеу ыңғайлылығы мақсатында қордың барлық деректері экологиялық ақпарат түрлері бойынша жүйелендіріледі, сонымен қатар, келесі тақырыптық бағыттар бойынша:

1) жаһандық экологиялық проблемалар:

  • климаттың өзгеруі;
  • озон қабатының бұзылуы;
  • биоәртүрлілікті сақтау;
  • жердің шөлейттенуі және жұтаңдануы.

2) ұлттық экологиялық проблемалар:

  • экологиялық апатты аймақтар;
  • Каспий теңізі қайраңының ресурстарын қарқынды игерумен байланысты проблемалар;
  • су ресурстарының сарқылуы және ластануы;
  • тарихи ластанулар;
  • әскери-ғарыш және сынақ кешендері полигондарының әсері;
  • трансшекаралық сипаттағы мәселелер.

3) жергілікті экологиялық проблемалар:

  • радиоактивті ластану;
  • ауа бассейнінің ластануы;
  • бактериологиялық және химиялық ластану;
  • өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар;
  • табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар.

4) басқа да бағыттар.

МЭАҚ материалдары қоршаған ортаны қорғау саласында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулермен айналысатын ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, ұстаздар, студенттер мен өзге де тұлағалар үшін таптырмайтын деректер базасы болып табылады.

Астана қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 95-46-89

Яндекс.Метрика